• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
01 Қараша, 2013

Дзюдошы Ислам Бозбаевқа Теміртауда аяғына оқ тиді

443 рет
көрсетілді

Дзюдодан Қазақстан құрамасының белді мүшелерінің бірі Ислам Бозбаев Теміртауда аяғына оқ тиіп, ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы Қазақстан Дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген Vesti.kz хабарлады. Мұны спортшының жеке жаттықтырушысы Сергей Дмитриенко жеткізген. Оның айтуына қарағанда, қаладағы тойханалардың бірінде үйлену тойында отырған дзюдошы атылған оқтан аяғын жарақаттап алған. Ресторанда Ислам Бозбаев өзара сөзге келісіп, бір-бірлеріне оқ атқан екі топтың ортасында отырып қалған. Сондай кезде оқ тиіп кеткен. Спортшы Азия ойындарының 2010 жылғы күміс жүлдегері, Азия чемпионатының финалисі. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысса, 2013 жылы Бразилиядағы әлем чемпионатына барды. Ал қыркүйек айында Алматыда Гран-при жеңіп алды. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар