• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Желге ұшқан жиырма екі миллион!

292 рет
көрсетілді

Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мәселелер жөнінде Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты елеулі сын-ескертпелер айтқан болатын. Елбасы сөзінде айтылған мәселелер іске қозғау салғаны, жұмысқа жан бітіргені сезіледі. Елбасы қозғаған сын-ескертпелерге байланысты тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асырыла бастаған. Әлі де ескеретін мәселелер аз емес. Төмендегі пікірлер соның дәлелі бола алады.

Сын тезіне салынды: қорытынды қандай?

*Үкіметке – сынақ, әкімге – сабақ

Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мәселелер жөнінде Үкіметтің және өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты елеулі сын-ескертпелер айтқан болатын. Елбасы сөзінде айтылған мәселелер іске қозғау салғаны, жұмысқа жан бітіргені сезіледі. Елбасы қозғаған сын-ескертпелерге байланысты тиісті шаралар қабылданып, жүзеге асырыла бастаған. Әлі де ескеретін мәселелер аз емес. Төмендегі пікірлер соның дәлелі бола алады.

Желге ұшқан жиырма екі миллион!

Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде мемлекеттік сатып алу мәселесіне арнайы тоқталған болатын. Бюджеттік бағдарламалардың дұрыс орындалмауының және олардың тиімсіздігінің негізгі себебі мемлекеттік сатып алу жүйесі болып саналатындығын айтқан еді. Көбінесе мемлекеттік органдар тендерлерде «бөгде» жеткізушілердің қатысуына мүмкіндік бермейтін шарттар белгілейді. Бұған қоса мемлекеттік органдардың басшылары өздерін өздері жауапкершіліктен босатып, сатып алуға қатысты шешім қабылдаудан сырт қалатындығын сынға алған еді. Елбасының осы сынының әділдігін төмендегі оқырман хаты айқындай түседі.

Биылғы жылы қыркүйек айында «Жұмыспен қамту-2020» кешенді шараның бесінші бағыты негізінде, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылдық округіндегі микроавтобус жүретін орталық көшелерді және кейбір халық тығыз орналасқан көшелерге жол салып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қазынадан жиырма екі миллион қаражат бөлінген болатын.

Осы қаражатқа Сарыарқа, Құрманғазы, Бөгенбай батыр, М.Әуезов, Ырғыз, М.Мәметова және № 41, № 44 көшелеріне тас-құм (дресва) төселуі үшін, арнайы схемалық-картасы Целиноград аудандық қала құрылысы және сәулет басқармасында мөр басылып бекітілген. Барлық атқарылуға тиіс көше жолдарының ұзындығы 6 шақырымды құрайды, бірақ күні бүгінге дейін, нақтырақ айтсақ, қыркүйек пен қазан айында атқарылған жұмыс көлемі үш-ақ шақырым. Неткен масқара!!! Алда әлі үш шақырымдай жұмыс істелуі керек. Егерде дәл осылай жұмыс істелетін болса, әлі екі ай уақыт керек.

Жұмыстың жүрмейтін негізгі себебі, ақшаның жоқтығы. Бір күн жұмыс істелсе, бірнеше күн жұмыс жоқ, өйткені, тас-құм (дресва) таситын «Камаз-дарға» тиеп әкелу үшін әр рейске қолма-қол ақша берілуі керек. Ал оларға берілетін ақша жоқ, яғни аударылмаған, – дейді тендерді жеңіп алған ТОО-ның бастығы Айнаш апай.

Ал Айнаш апайдың үстінен қарап, барлық жұмысты ұйымдастыратын Ильгар бастық (кавказдық) менен бұрынғы бастық тоғыз миллион теңгені қалтасына салып қашып кетіпті, ал мен қалған ақшаны жеткізе алмай жатырмын деген сыңай танытып жүр. Сонда біздің Талапкер халқының аз да болса көше жолдары жөнделіп, батпаққа белшеден батпай тас-құм үстінде жүрсін деп, мемлекеттің арнайы бөлген азғантай қаржысы халықтың өз игілігіне жұмсалмай, көрінген көк аттылының қанжығасында кете бере ме? Жоқ, олай бола қоймас?!.

Бәлкім, кім білген? Осы бөлінген жиырма екі миллион қаржы желге ұшпасына немесе қарашаның алғашқы жауған ақша қары астында қалып қоймасына кім кепіл?

Мырзабай БОРАНҚҰЛҰЛЫ,

журналист.

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы,

Талапкер ауылы.

Соңғы жаңалықтар