• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 14 Қыркүйек, 2020

Елордада тұрғын үйлердің 30%-на "smart" шлагбаум орнатылады

164 рет
көрсетілді

Шұғыл қызмет көліктері жаңа технологиялардың арқасында тұрғын үй кешендерінің аулаларына кедергісіз кіре алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz 

"Елорданың тұрғын үй кешендерінде "smart" шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді. Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер "smart" технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі", дейді елорда әкімі.

Қала әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін біз тұрғын үйлердің 30%-на дейін "smart" шлагбаумдарымен жабдықтау жоспарланған.

"Сонымен қатар "Қауіпсіз аула" бағдарламасы аясында ауланың аумағында камералар орнату жоспарлануда. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды", дейді Алтай Көлгінов.