Елімізде медициналық масканың бағасы 60 теңге болып белгіленді, деп хабардайды Egemen.kz.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
"Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді", делінген хабарламада.