Осылай деп аталған фотобайқаудың жеңімпаздары кеше Астанада өткен салтанатты жиында анықталды. Ал жеңімпаз суреттер арнайы көрмеге қойылды.
Көрме «Қазгидромет» РМК бастамасымен ұйымдастырылған. Байқау үстіміздегі жылдың 5 маусымында жарияланған екен. Ал бұл күн әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні ретінде аталып өтіледі.
Осылай деп аталған фотобайқаудың жеңімпаздары кеше Астанада өткен салтанатты жиында анықталды. Ал жеңімпаз суреттер арнайы көрмеге қойылды.
Көрме «Қазгидромет» РМК бастамасымен ұйымдастырылған. Байқау үстіміздегі жылдың 5 маусымында жарияланған екен. Ал бұл күн әлемде Қоршаған ортаны қорғау күні ретінде аталып өтіледі.
Байқау негізінен еліміздің табиғатын сан түрлі қырынан танытып, сұлулығын, құбылмалы климаттық мінезін, асқар-ала тауларын, ну ормандарын, көлдері мен шөлдерін, табиғи қорықтарын, сол табиғатты мекендейтін аңдары мен құстарын, тағы-тағыларын бүгінгі заманғы қоршаған ортаны суреттеудің жетік тәсілі – фотообъектив арқылы жалпақ жұртқа паш етуді мақсат етіпті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы саны 912 фотосурет келіп түсіпті. Ал көрмеге оның 80-і ғана іріктеліп алынды. Олар 12-15 тамыз күндері арнайы мамандар, еліміздің атақты фотографтары, сала мамандарынан құрылған қазылар алқасы шешімімен таңдалынған. Ал одан соң ол туындылар интернет-дауысқа салынып, арасынан жүлдегерлер анықталған. Нәтижесінде, 1-орын иегері 461 дауыс жинаған алматылық Мақсат Құсайынов деп танылды. 2-орынды 312 дауыспен – Ирина Сокол алды, ол да Алматы қаласынан. 3-орын 262 дауыспен Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан Татьяна Першаковаға бұйырды. Ал ынталандыру сыйлықтары Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тарғын ауылынан келген Даскен Байтибаев және алматылық Сәрсенбек Қазыбекұлы мен тараздық Алтынбек Қартабайға берілді.
Көрмеге қатысуға екі ай уақыт берілді, яғни 5 маусымнан 10 тамызға дейін үміткерлердің суреттері қабылданды. Қатысушыларды кәсіпқой, әуесқой деп бөлмеген, жас ерекшеліктеріне байланысты да ешқандай шек қойылмаған. Жалпыға ортақ байқауға 10-нан 65 жасқа дейінгі азаматтар қатысқан.
Салтанатты жиын соңында фотоконкурсқа қатысып, суреттері көрмеге қойылған азаматтардың барлығына арнайы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды. Көрмеден кейін фотосуреттер Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және «Қазгидромет» РМК ғимараттарының дәліздеріне орналастырылады.
«Егемен ақпарат».