Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шаруагердің өліміне қатысты ұсталған күдіктіден 16-калибрлі атыс қаруы табылып, тәркіленген. Бұл қылмыстың жасалуына нақты айғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің арнайы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тағы бір күдікті анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда", -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.