• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Этносаралық келісім дәрісі

450 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының даму тұжы­рымдамасын іске асыру мақсатында Халық­аралық достық акаде­мия­сы мен қалалық «Дос­тық» үйі бірлесе оты­рып, «Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау» тақырыбында республикалық дәріс өткізді.

Іс-шара барысында Еуразия кеңістігіндегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің озық қазақстандық үлгісі сөз болды.

Республикалық дәрісті «Достық» үйіндегі этномәдени бірлестік, өнер және ғылым зиялылары жастарға арнады. Дәріс оқығандар қатарында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті О. Шәріпбаев, «Семей қалалық тәуелсіз әлеуметтану орталығының» төрағасы А.Коновалов, Қазақ әлеуметтік орталығының төрайымы Ш.Жанаева болды.

Дәріс жергілікті жерде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін іске асыру барысында туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу, оқыту мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, этносаралық толеранттылықты қалыптастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі мен қазақстандық патриотизм арқылы қоғамдық келісімді, толеранттылықты дамытудың жай-жапсарлары талқыланды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Соңғы жаңалықтар