• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

537 рет
көрсетілді

Бұған дейін Қарасу ауданын басқарған Виктор Ионенко Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Виктор Николаевич Ионенко 1970 жылы 31 қазанда Қостанай облысы, Таран ауданы, Асенкритов ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Виктор Ионенко биыл Парламент Сенатына депутат болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің орнына келді.

Ол жаңа лауазымы бойынша көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жергілікті жердегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс, "жасыл экономиканы" дамыту мәселелеріне жауапты болмақ.