• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы №142-нқ

364 рет
көрсетілді

2013 жылғы 8 мамыр,    Астана қаласы

Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1 Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев):осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін;оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға            М. ОСПАНОВ.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігітөрағасының 2013 жылғы 8 мамырдағы №142-НҚ бұйрығына қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын және (немесе) инвестициялық жобалар қарау және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2157 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2003 жылғы 22 наурыздағы № 12 жарияланған);2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы № 138-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2357 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2003 жылғы 28 маусымдағы № 26 жарияланған);3. «Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 238-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 19 маусымдағы № 25 жарияланған);4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 19 шілдедегі № 322-НҚ бұйрығы 1-тармағының 2) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3011 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2004 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 жарияланған);5. «Табиғи монополия субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 10 наурыздағы № 74-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3525 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 17 жарияланған);6. «Инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды табиғи монополия субъектілерінің іске асыру тиімділігінің мониторингісін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 18-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3457 тіркелген, «Официальная газета» газетінде 2005 жылғы 9 сәуірдегі № 15 жарияланған);7. «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1 және 10-тармақтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде 2009 жылғы № 3 338-құжат жарияланған).

Соңғы жаңалықтар