2013 жылғы 28 тамыз, Астана қаласы
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
1. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:2. Қоса берiліп отырған Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.3. Әкімшілік департаменті (А.Ж. Еділханов):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.5. Осы бұйрық 2013 жылғы 26 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №359 бұйрығымен бекітілген
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесір/с№ Білім және ғылым министрлігі жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы1. Тегі2. Аты3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда)4. Тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы мәліметтер 5. Тегі мен атының транскрипциясы 6. Туу туралы деректер: туған күні;туған жері7. Ұлты8. Жынысы 9. Отбасы жағдайы туралы мәлімет:тұрмыста бар-жоғы;неке қию туралы куәлік деректері;неке бұзу туралы куәлік деректері;жұбайының тегі, аты, әкесінің аты;жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;туыстық деңгейі;отбасының басқа мүшелерінің, қарауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты және туған күндері;балаларының бар-жоғы және олардың жасы10. Азаматтығы туралы (бұрынғы азаматтығы) деректер 11. Еңбек кітапшасының нөмірі, сериясы және берілген күні туралы мәліметтер 12. Ағымдағы уақыттағы еңбек қызметі туралы деректер:лауазымының, құрылымдық бөлімшенің, ұйымның атауын толық көрсету;жалпы және үздіксіз еңбек өтілі;мекенжайлары және телефондары, сондай-ақ оларда бұрын атқарған лауазымының толық атауын және осы ұйымдарда жұмыс істеген уақытын көрсете отырып, басқа ұйымдардың деректемелері 13. Білімі, біліктілігі және арнайы атақтарының немесе арнайы даярлығының бар-жоғы туралы мәлімет:оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шыққан күні);дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы;ғылыми деңгейі;ғылыми атағы;шетел тілдерін білуі14. Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы15. Тұратын жерінің мекенжайы, тұрғылықты жері немесе келген жері бойынша тіркелу күні16. Байланыс телефондарының нөмірлері 17. Электронды поштаның мекенжайы18. Мінездеме 19. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)20. Портреттік суреті (цифрланған суреті, көлемі 3х4, JPEG үлгісі)21. Қолы 22. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:құжаттың атауы;құжаттың нөмірі;құжаттың берілген күні;құжаттың жарамдылық мерзімі;құжатты берген орган23. Бір жыл көлемінде уақытша еңбекке жарамсыздық туралы мәліметтер;24. Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақыруға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырған) күні;әскери билетті берген органның атауы;әскери-есепке алу мамандығы;әскери атағы;есепке алу/шығару туралы деректер;әскери қызметтен босату негізі25. Бір жыл көлемінде еңбекақысы туралы мәліметтер:жалақысы;үстемеақылар; салықтар бойынша деректер26. Мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнайы атақтары, көтермелеулері туралы мәліметтер;Награда, атақ немесе көтермелеу атауы немесе аты;Марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі немесе көтермелеу күні27. Әлеуметтік жеңілдіктер және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер (жеңілдіктер мен мәртебені беруге негіз болып табылатын құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, құжатты берген органның атауы)28. Бір жыл көлемінде зейнетақы қорынан деректер29. Аттестаттау, қызметтік тексерістер материалдары 30. Еңбек шарттың мазмұны мен деректемелері31. Жеке құрам бойынша бұйрықтардың түпнұсқалары мен көшірмелерінде және олардың материалдарында көрсетілген мәліметтер 32. Алимент алуға құқығы бар адамдар туралы ақпарат 33. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8746 болып енгізілді