• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
02 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы №270-Ө

361 рет
көрсетілді

2013 жылғы 5 қыркүйек,    Астана қаласы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабының 51-10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы бекітілсін.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 19 шілдедегі № 17-03/369 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7847 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 26.09.12 ж. № 622-630 (27701) ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Министр        Н.ҚАППАРОВ.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің  2013 жылғы 5 қыркүйектегі №270-Ө бұйрығымен бекітілген

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеуқағидасы

1. Жалпы ережелер1. Осы Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;3) өтінім жасаушы - Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіру туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.

2. Тіркеу тәртібі3. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жабайы фауна мен флора­ның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосым­шаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді тіркеуге әкімшілік органға өтінім береді.4. Өтінімге: 1) құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін), жеке адамды куәландыратын құжаттардың (жеке тұлға үшін); 2) жануар түрінің шығу тегін растайтын құжаттардың (жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат тіркелген сауда-саттық шарты (бұрынғы иесінің), жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты; Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Рес­публикасына әкелуге рұқсаты) көшірмелері қоса тіркеледі.5. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойын­ша үш жұмыс күні ішінде рәсімдейді, не осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттар толық берілмеген жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды. 6. Куәлік осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның фирмалық бланкісінде рәсімделеді және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі –журнал) қол қойғызып беріледі.7. Куәлік нөмірі журналдағы тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады.

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасына 1-қосымша

НысанЖабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеугеөтінім

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын.

Жануарлар түрлерініңатауы: ____________________________________________________________     (мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде)Жануарлар түрлерініңшығу тегі: _________________________________________________________     (еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілді)

Жануарлардың саны, жасы және жынысы (жынысы – балықтардың жыныс мүшелері жетілген жағдайда): _______________________________ Мекенжайы: ___________________________________________________            (жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның)

20___жылғы _________ ______________________________________     (өтінім берілген күн) (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  Мөр орны

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ - қосымшаларына түрлері  енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасына 2-қосымша

НысанЖабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және  ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы№ ___ куәлік_____________________________________________________________берілген(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) ұйымның атауы)

Орналасқан жерінің мекенжайы: ___________________________________ мына жануарлар түрлерін жасанды өсіртуді жүзеге асырады:р/с№     Жануар түрлері    Конвенцияныңқосымшасы     Мемлекеттіктілде    Орыстілінде     Латынтілінде     Жануарлардыңсаны, жасы және жынысы (жынысы - балықтардың жыныс мүшелері жетілген жағдайда)                        

Берілген күні 20__ ж. «__» _______ Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды. ______________________         _________________(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))     (қолы)Мөр орны

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасына 3-қосымшаНысан

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеужурналы

р/с№    Куәліктің нөмірі және күні     Жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/заңды тұлғаның атауы    Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарлар орналасқан жердің мекенжайы    Қолы                Беруші    Алушы                    

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 9 қазанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8791 болып енгізілді.