• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қыркүйек, 2020

Алтын ұрлау және контрабандамен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

325 рет
көрсетілді

ІІМ қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған.

Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған бапқа сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.