Тұрғындар 1 қазанға дейін үлгермесе, өсімпұл арқалауы әбден мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты мемлекеттік кірістер басқармасында ұзын-сонар кезек пайда болды. Мамандардың айтуынша, осы айдың басында барлығына төлем сомасы туралы хабарлама таратылған. Содан келушілердің саны артқан. Онлайн төлеуге болатыны айтылса да, көпшілік оны ескерер емес. Жалпы мүлік пен жер салығын қала бойынша 270 мыңнан астам адам төлеуі тиіс.
Қанат Кенжеғожин, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары: "Карантинге байланысты біз хабар жіберген жоқпыз. Сондықтан қазір аздаған ажиотаж болып жатыр. Күні бүгін халықты тезірек қабылдау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, осыған дейін 10-12 терезе болса, бүгінгі күнге 25 терезе халықты қабылдап жатыр.