Қазақстанда жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы жұмыс істейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Бүгін - Дүниежүзілік су сапасын бақылау күні. Қазақстанда мұндай бақылау 143 су нысандарында жүргізіледі",- деп жазды министр өз Twitter парақшасында.
Министрдің сөзінше, жер үсті сулары сапасының интерактивті картасы өткен жылы әзірленді. Ол жерден барлық өзен-көлдердің су сапасын онлайн бақылауға мүмкіндік бар.
"Барша қазақстандықтарды ең бағалы табиғи ресурсымыздың бірі - суды сақтауға, оған ұқыпты қарауға шақырамын", - деді Мағзұм Мырзағалиев.