• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстандағы қала әкімдері қандай көлік мініп жүр?

1791 рет
көрсетілді

Еліміздегі қала әкімдерінің қандай қызметтік көлікпен жүретіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 2008 жылы шыққан Toyota Land Cruiser қызметтік көлігімен жүреді. Әкімдіктің мәліметінше, қазір бұл автокөлік коронавирустық пандемияға байланысты қалалық ауруханаға уақытша пайдалануға берілген. Сондықтан қала әкімі 2015 жылы шыққан жеке автокөлігімен қызметте жүр. Машинаның маркасы -  Toyota Corolla. 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 2018 жылы шыққан қара түсті Skoda Octavia маркалы көлікпен жүр. Әкімдіктің мәліметінше, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап елорда әкімшілігінің қызметкерлерін такси қызметі тасымалдайды, жоба МЖӘ аясында жүзеге асырылды. Әкім мініп жүрген көлікті де такси қызметі ұсынған.

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов Kia Mohave маркалы автокөлігімен жүреді, түсі - қара металл, 2013 жылы шыққан. 

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің 2016 жылы шыққан қара түсті Toyota Camry қызметтік автокөлігі бар. 

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековты 2015 жылы шыққан қара металл түстес Kia Quoris автокөлігі тасып жүр. 

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қызметтік автокөлігі Toyota Land Cruiser Prado. Қала басшысы 2010 жылы шығарылған қара түсті көлікті құп көріпті. 

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев 2017 жылы шыққан қара түсті Toyota Camry қызметтік автокөлігімен жүреді.

Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров өзінің қара Toyota Land Cruiser 200 көлігімен жүретінін айтқан. Автокөлік 2011 жылғы екен. 

Өскемен қалалық әкімдігінің мәліметінше қала басшысы Жақсылық Омар 2017 жылы шыққан ақ Toyota Camrу қызметтік көлігін қанағат етіп жүр. 

Үшінші мегаполистің мэрі Мұрат Әйтеновтің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, ол қара түсті Lexus LX 570 қызметтік автокөлігімен жүреді.  Шымкент әкімінің қызметтік көлігі 2011 жылы шыққан. 

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Kia Sorento кроссоверін мініп жүр. Түсі - қара, Шығарылған жылы-2019. Әкімдіктің мәліметінше, көлік облыстық мемлекеттік мүліктен берілген.

Қостанай әкімі Қайрат Ахметов 2010 жылы шыққан Lexus LX 570 қызметтік көлігімен жүреді. Оның да түсі қара. Бұл автокөлік әкімдікке өтеусіз негізде "шаруашылық 2012" ЖШС-не берілді, делінген әкімдік берген ақпаратта. 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2013 жылы шыққан, қара түсті Mеrcedes Benz S-Class автокөлігімен жүреді. 

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям жұмыс уақытында KIA Quoris Premium+ маркалы автокөлікпен жүреді, түсі-қара металлик, 2017 жылы шығарылған.

Ал Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа 2018 жылы шыққан сұр түсті KIA Quoris автокөлігі бекітілген. 

Әкімдіктердің ресми жауабына қарағанда, қала әкімдері қара қызметтік көлікке құмар сияқты.