• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда онкологиялық науқастарды тексеру хаттамасы өзгерді

227 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан онкологиямен ауыратын науқастарды тексеру, ауруханаға жатқызу және емдеу алгоритмдері мен хаттамаларын өзгертуге мәжбүр болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрайымы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"КВИ пандемиясы медицина қызметкерлері үшін де, пациенттер үшін де жаңа ережелер енгізуді талап етеді. Тікелей маманнан кеңес алу үшін COVID-19 тапсырылған экспресс-тест нәтижесі теріс болуы керек, ал стационарға жатқызу үшін науқастың COVID-19 тапсырған ПТР-талдауының теріс нәтижесі ғана қажет. КВИ кейде симптомсыз және жеңіл өтеді, бірақ иммунитеттің төмендеуіне байланысты қатерлі ісікке қарсы емдеу кезінде коронавирус тудырған пневмонияның клиникалық белгілері анықталады. Сондықтан біз барлық пациенттерге КТ немесе өкпе рентгенін міндетті түрде жасаймыз", деді Диляра Қайдарова.

Оның айтуынша, COVID-19 талдауынан басқа, жалпы қан талдауы, биохимия, коагулограмма, АҚТҚ, гепатит, электрокардиограмма, өкпе рентгені сияқты әдеттегі талдаулар алынады. Оның бәрін бұрынғыдай тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханаларда тапсыруға болады.