• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 18 Қыркүйек, 2020

Онкологиялық науқастар коронавирусқа тегін тест тапсырады

314 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрайымы Диляра Қайдарова онкологиялық науқастарға COVID-19-ға ПТР-талдау тегін жасалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Онкологиялық науқастарға COVID-19-ға ПТР-талдау тегін жасалады. Өйткені мемлекет бұл қызметті тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емхана арқылы қаржыландырады. Қаржыландырудың барлығы емханаларда бекітілген. Аудандық онколог тегін ПТР-тестке жолдама беруі тиіс", - деді Д.Қайдарова.

Сондай-ақ ол онкологиялық науқастар үшін МРТ, КТ, ПЭТ, ультрадыбыстық зерттеу және өкпені рентгенге түсіру тегін жүргізілетінін айтты.

"Біз бұған 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында қолжеткіздік. Сондықтан тегін тексеруге жолдама беретін аудандық онкологтарға хабарласыңыз. Емханаларда осы тегін тексеруді талап етіңіз, оларға қаржы бөлінді. Оның барлығын мемлекет пен медициналық сақтандыру жүйесі өтейді", - деді бас онколог.