• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Берілген тапсырмалар бойынша нақты жұмыс жүргізілуі тиіс

330 рет
көрсетілді

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

 

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Пре­зидент Әкімшілігінің идеоло­гия­лық, аумақтық-ұйымдастыру және экономикалық бағыттар аясындағы тиімді жұмысын жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, олар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануы керектігін тағы да еске салды.

– Аппарат мемлекеттік бағдар­ламалардың орындалу бары­сын бақылап, кемшіліктерді айқын­дауға және оларды тиімді іске асыру жөнінде нақты шараларды белгілеуге тиіс. Үкіметтің ке­ңейтілген отырысында менің тарапымнан айтылған сындардан тиісті қорытынды шығарылуы керек. Бұл бағыттарда қандай жұ­­мыстар жүргізіліп жатқаны, кімдер жауапқа тартылғаны және жазаланғаны туралы әрбір факт бойынша халық алдында есеп беріп, БАҚ-тарда жариялау туралы тапсырма беріл­ген болатын. Мен айтқан сын бойынша тек «Тұрғынүй-құрылыс­жи­нақ­банкі­нің» жағдайы жөніндегі деректер ғана айтылды, өзге ешқандай ақ­парат болған жоқ. Тіпті, бұл ретте менің тарапымнан айтылған сынның бір бөлігі газет беттерінде көрініс таппаған және телеэфирден де берілмеген. Сондықтан, әркімнен тек өз бағыты бойынша бағдарламалардың орындалуымен ғана емес, сондай-ақ, Үкіметтің, министрліктер мен ведомстволардың жұмысындағы кемшіліктерді жою жөніндегі барлық нұсқауымның орындалуы бойынша қатаң түрде жұмыс жүргізуін талап етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті еліміздегі патриоттық тәрбие мен діни ахуал саласындағы жұмыстардың тиімділігі кемшін түсіп жатқанын атап көрсетті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар­баев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу бөлігінде Президент Әкімшілігінің қызметін жақсарту қажеттігіне тоқталды.

– Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары облыстардағы ахуалды толық біл­мейді. Олар өз өңірлеріндегі бар­лық әкімдерді, ауылдық әкімдерді жүзбе-жүз танып, әрқайсысының жұмыс ерекшелігін ажырата білуге тиіс. Мемлекеттік инспектордың жұмысы барлық істен хабардар болу үшін де істеледі. Мысалы, Батыс Қазақстан облысына сапар барысында мемлекеттік инс­пектор қажетті ақпараттың бә­рін білмейтін болып шықты. Ол жаңадан келген адам болуы мүм­кін әрі бәрінің қыр-сырын терең меңгеріп үлгермеген шығар. Бірақ, соның өзінде оларда өңір жөнінде жергілікті атқарушы билік қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді, сондай-ақ, проблемалар мен іске асырылып жатқан жобаларды қамтитын толық ақпарат болуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олардың атқарып отырған лауазымына сәйкестігі жөнінде белгілі бір қорытынды жасау қажет болады, – деді Қазақстан Президенті.

Кеңес қорытындысында Мем­лекет басшысы қаралған мәсе­ле­лерге және биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған қоғамдық маңызы бар іс-шараларға тиімді ұйымдастырушылық-ақпараттық қолдау көрсетуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар