Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 19 қыркүйекте тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 235 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, 36 адам емделіп шықты", делінген хабарламада.
1 тамыздан бері 30814 адам ауырды, 338 өлім жағдайы тіркелді, 26569 науқас жазылып шықты.