"Қазгидромет" РМК Қазақтанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің хабарлауынша, 20 қыркүйек күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.
Жезқазғанда бүгін күндіз найзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Петропавлда 20 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.
Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады.
Көкшетауда күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.