Оқиға 19 қыркүйекте Қарақия ауданында Шопан ата киелі орнына барар жолда орын алған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Дельтаплан апаты салдарынан зардап шеккен 1988 жылы туылған азаматқа көмек көрсетуге оқиға орнына құтқарушылар тобы - облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бес құтқарушысы келіп жеткен.
Екі қолы сынған азамматтың өз күшімен әрекет етуі мүмкін болмаған. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, альпинисттік жарақтардың көмегімен оны жардан түсіріп, ауруханаға жеткізді.