• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Ұшақ емес, теңге ұшты...

365 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы «Қазавиас­пек­тр» дейтін зауыт берісі Ресей мен Словакиядан, әрісі мұ­хиттың ар жағындағы алып елден әкелінбек әртүр­лі тетіктерден құрастырып шы­ғармақ болған ауыл шаруа­шылығы жұмыстарына арналған жеңіл ұшақтар туралы жоба ертеректе балдырғандарды алдар­қататын белгілі ойынды еріксіз еске түсірердей қазір. Бұрынғы қаптаған ойыншық жоқ уақытта екі алақан шарт-шұрт ұрылып, «Ұшты ұшты, не ұшты» деп ауыз аштырылып, көз жұмылдырылушы емес пе еді.

Қарағандыдағы «Қазавиас­пек­тр» дейтін зауыт берісі Ресей мен Словакиядан, әрісі мұ­хиттың ар жағындағы алып елден әкелінбек әртүр­лі тетіктерден құрастырып шы­ғармақ болған ауыл шаруа­шылығы жұмыстарына арналған жеңіл ұшақтар туралы жоба ертеректе балдырғандарды алдар­қататын белгілі ойынды еріксіз еске түсірердей қазір. Бұрынғы қаптаған ойыншық жоқ уақытта екі алақан шарт-шұрт ұрылып, «Ұшты ұшты, не ұшты» деп ауыз аштырылып, көз жұмылдырылушы емес пе еді.

Сенген соң қайдан біле­сің, бұдан екі жыл бұрын онда­ғы­лардың осылайша біреуін жылт еткізіп, содан кейін жер жұ­тып қойғандай жым-жылас бо­лып қалатындығы ойға да кел­мепті. Алғашқыда, шынында аймақтағы тәуір істердің елеу­лі­сі саналып, дүмпуге айнала бастауына үн де қосылды. Жа­ғымды жаңалық, өркенді өзгеріс ретінде көрсетілсе ықы­ласың қалай аумас. Оның үсті­не кәсіпорын басшылары тарапынан дүйім әріптестерге бірне­ше мәрте мәлімделгендей, жылы­на шығарылуға тиісті 36 ұшақ­тың алды шаруашылықтар мен фермерлер қолына әне-міне тиетіндігі қалам желдірмей қоймайтын.

Нақты сыр ұшығы былтырғы жазда сезілді. Жобаланған уақыт­тан асып, уәде ұзарған сайын ұшақ жасаушылар жасырынбақ ойнауға амалдары азайды ма, себеп-сылтауды білдіре бастады. Кәсіпорын басшысының орынбасары Бақытжан Смағұлов бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне оншалықты жұғыспауына қарамастан, аяқ астынан сұхбат беруге ниет­теніп, іске кедергі жайларды сыз­дықтатып жеткізіп, таяу араларда түзелетіндігіне сенім білдіргені есте. Бұл сөзге басқа бір кездесуде бас директор Александр Ващенко өзі де тұздық құйып, сылтау біткеннің бәрін тізбелеп шыққан-тын.

Барлық шара қарастырылып, ойластырылып жатыр делінген­дей, сондағы әңгімеде сөйтілсе, ойла­маған жерден күтілмеген шы­ғындар тап болып, іске орал­­ғы жасаған екен. Осы орай­да жаңа ғимаратқа қосым­ша конструкторлық бюроның тір­кестіре салынуы уақыт пен қаражатты көп жұмсауға мәжбүр еткендігі қайта-қайта айтылған болатын. Әрине, мұндай үлкен әрі күрделі құрылыста не қиындық кездеспес деп түсінгендей едік. Мұнымен бірге, жергілікті маман кадрлардың тапшылығы да алға тартылып, бірнеше талапкер жас Қазан қаласына оқуға жіберілгені, олар шеберлік ұштап келісімен жұмысқа кірісетіндігі, ұшақ құрас­ты­руға қажетті бөлшектердің жет­кі­зілуі шешілмектігі, сөйтіп, іс жанданғалы тұрғаны мәселенің ізін шайғандай болған-ды.

Былтырғы жазда, одан күз­де журналистерге шырқ үйіріл­ген сол әңгімелерден соң «Қазавиа­спектріңіз» үнсіз қалды. Әрі асса, биылғы жаз ортасында шы­ғарыла бастауға уәде етілген ұшақтар ертегідей болып қалды. Оқытылған 30 маманның алыстан алтындай қалап әкелінген да­йын 5 авиациялық қозғалтқышты кәдеге жаратуға қабілет-қауқары жетпеді ме, құлық қайтты ма, аты бар да заты жоқ, өспей жатып өшкен зауытқа айналғаны емей не, бүгінде Қарағандының іргесіндегі далада қаңыраған қалпы бар. Даңғарадай цехтары бос, жасалмақ түгіл елестер ұшақ жоқ.

Қазір қарасақ, сонда бізге сипай қамшыланған сылтаулардың тамыры тереңде екен. Енді еске түскенде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалаулатылып, келешегі зор, заманауи талап-талғам, алыс-жақында баламасы жоқ тұрғысында жұмыс істемек кәсіпорын үшін жұмсалған 2 млрд. теңге сол кезден желдей ұша бас­тапты. 750 миллион теңгесі «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымын қалыптастыруға бөлінген мемлекет қаржысы болса, 860 миллион теңгесі «ҚазАгро» ұлттық холдингінен жеңілдік несиемен алынуына сыр шашылмайтын әсте. Қаражат жеткілікті, көмек күшті, былайша айтқанда, пайдалан да, қайтарымын өтеуге тырыс делінгендей қолдаудан артық не керек-ті. Өндірісті дамытсам, ел экономикасына үлесті үлкейтсем деген ойдағыларға армандай-ақ шара. Шалқар шаруаға арқа. Амал не, сан рет маңдайға тисе де олардан гөрі осындай ішкі сырын бүккендердің жолы болғыштығын қайтерсіз.

Біздің байқауымызша, әлует жете ме, жетпей ме, кадрлар да­йын ба, дайын емес пе, сенім көр­сетілуші соған лайық па, лайық емес пе, әйтеуір таңғалдыруға жа­рарлықтай жобаларды жасап, іске асыруға деген өңірлік әуестік баршылық сияқты. Өндірісті өлке саналғандықтан солай болуы жөн шығар. Алайда, жеті рет өл­шеп, бір рет пішетіндей сабақ түйер уақыт өтсе де кешегіні байып­тап, алдағыны абайлау жайы кемшін бе дейсің. Мәселен, крем­ний өндіруге, «БелАЗ» ауыр жүк көліктерін бірлесіп жөндеп, құрастыруға, лифт, мырыш шығаруға тиісті болған зауыттар тағдыры соған дәлел. «Қазавиаспектр» де жобаның сапалы ойластырылмауы салдарынан соның күйін кешуі тағы бір қапылық болды. Өзімізде да­йындалмайтын бұйымдар арқылы ұшақ жасауға берік базалық тіректі қамтамасыз етпей жатып, алып-ұшпа ұмтылысқа ұрыну ауыл еңбеккерлері үміттенген тап-тамаша істі бүлдірді ақыры.

Үкімет өзін-өзі ақтамайтын, өнім шығаруға мүмкіндігі де, қауқары да жоқ шала-шар­пы жобаға, шала-шарпы­ ма­мандарға, шала-шарпы­ идеяға қыруар мемлекет қар­жы­сын көз жұмып қалай бөле салған? Мұның астарында не сыр бар? Елбасы бүкіл елге жария етпесе бұл жоба да жабулы қазан күйінде қала беретін бе еді?

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар