• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қыркүйек, 2020

Шолпанда тіршілік болуы мүмкін

655 рет
көрсетілді

НАСА ғарыш агенттігі алдағы уақытта ғарышқа планетааралық төрт зонд жібермек. Олардың қатарында Шолпан планетасы да бар. Ғалымдардың болжамына сүйенсек, онда тіршілік көзі болуы ықтимал.

Зерттеушілер Шолпанның қышқылды бұлт­­тарында микробтар болуы мүмкін деп есеп­­тейді. Олар фосфин қалдықтарының плане­­тада бар екенін анықтаған. Бұл жердегі отте­гі­сіз ортадағы бактериялар шығаратын газ. Ғалым­­дардың болжамы нақтыланса, алғаш рет жер­­ден тысқары аспан денесінде тіршілік табылмақ.

НАСА қазіргі таңда күн жүйесіне планета­аралық төрт зонд жіберуді жоспарлап отыр. Солар­дың бірі – DAVINCI+ деп аталады. Атал­ған зонд Шолпан планетасының атмосферасын зерт­тейтін болады.

«DAVINCI+ миссиясымен жұмыс істейтін астробиолог Дэвид Гринспунның сөзіне сүйенсек, ғарыш кемесі Венераның атмосферасына еніп, онда не болып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, IVO – Юпитердің Ио жанартаулы серігіне, Trident – Нептунның ең үлкен серігі Тритонға жіберілмек, ал VERITAS миссиясы Венераның геологиялық құрылымын зерттемек», дейді Reuters.