• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда халық саны 238,6 мың адамға өсті

536 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде халық саны 18767,5 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 1 тамызында еліміздегі халық саны 18767,5 мың адамды құраса, оның ішінде қалалықтардан – 11049,0 мың (58,9%), ауылдықтардан – 7718,5 мың адамға (41,1%) жеткен.

Ал 2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өскен. Халық санының ең көп өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалады: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында.