Дональд Трампқа қауіпті сәлемдеме жіберді деген күдікпен Америка азаматшасы Канада мен АҚШ шекарасында қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ақ үй басшысы Дональд Трампқа қауіпті сәлемдеме жіберді деген күдікті Канада мен АҚШ шекарасында ұсталды. Күдіктіні Канаданың кеден және шекара қызметкерлері дер кезінде қолға түсіріп, уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Әзірге ұсталған адам туралы ешқандай мәлімет берілмейді.
Америкалық құқық қорғау органдары өкілінің мәліметінше, қолға түскен күдіктіде тапанша болғанын айтады.
19 қыркүйек күні сәлемдеме Ақ үйге кірмес бұрын арнайы тексерістен өткен. Тексеріс барысында сәлемдемеде кастор бұршақтарынан алынған рицин уы болған.
Рицин – ақуыз уы, иіссіз ақ ұнтақ. Иіскеген кезде құсу, ішткен қан кету, сондай-ақ ағза жұмысының бұзылуына алып келеді.
Белгілі болғандай, Вашингтон ФБР кеңсесі күдіктіге қатысты арнайы тергеу ісін бастап та кетті.