Сирияда гуманитарлық көмекті қажет ететін адам саны 9 миллионнан асты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасының ресми өкілі Аманда Питтің айтуы бойынша, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Валери Амос Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Сириядағы гуманитарлық жағдайдың әлі де күрт төмендеп бара жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған. «Біздің деректеріміз бойынша, бүгінгі таңда Сирияда 9,3 млн. адам гуманитарлық көмекке мұқтаж», – деді Аманда Питт. Ол сондай-ақ Валери Амостың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін Сириядағы бейбіт тұрғындарға көмек көрсетіп, гуманитарлық көмектің жеткізілуі мен медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондағы тараптарға ықпал етуін сұрады. Бұл шаралардың барлығы 2 қазанда қабылданған Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының мәлімдемесінде қарастырылған болатын.
Айдар Өрісбаев.