Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 KO) өзбекстандық былғары қолғап шебері Шохжахон Эргашевпен (18-0, 16 KO) жұдырықтасудан бас тартқан. Бұл туралы Канаданың Journaldemontreal.com сайты мәлімдеді.
Басылымның жазуынша, Жүкембаевтың промоутері Камил Эстефан боксшының бапкеріне келісімшарт ұсынғанда жаттықтырушы ұсынысты қуана қабылдаған. Тіпті ол бұл айқаста Батыр Жүкембаевтың жеңіске жететініне сенімді болған. Алайда қазақстандық боксшы Эргашевпен кездескісі келмеген.
Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін осы жылдың қаңтар айында Монреалда (Канада) өткізіп, мексикалық боксшы Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген еді.