• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2013

Барак Обама Гуантанамо түрмесінің жабылғанын қалайды

300 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Барак Обама Гуантанамо түрмесін жабу мәселесіне қатысты тиісті орындардың өкілдерімен кездесті. Бұл туралы РБК сайты хабарлады.

Кездесу барысында Барак Обама Гуантанамоның жабылуы қажет деп есептейтінін жеткізді. Оның бұл ниетін АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік департаментінің өкілдері қолдады.

Барак Обама президенттік сайлауға түсіп жатқан кезінде аталған түрмені жабамын деп уәде берген. Кейіннен осы уәдесін орындауға талпынған да болатын. Бірақ, оның ойын АҚШ Конгресі мақұлдамай тастаған.

Дегенмен, АҚШ президенті 2013 жылдың мамырында Гуантанамодағы тұтқындарды АҚШ аймағына әкелу үшін арнайы орын дайындауды Пентагонға тапсырған.

Барак Обама АҚШ Конгресінен Гуантанамоны жабуға қаржы бөлуді сұрауда.

Қазіргі таңда 2001 жылдың 11 қыркүйегінде құрылған Гуантанамо түрмесінде 164 адам қамалып отыр. Бір қызығы, олардың кейбіреулеріне қандай айып тағылғаны да белгісіз көрінеді.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар