Кеше әлеуметтік желіде елордада Тұран көшесінің бойында жүрген жабайы қабандардың видеосы тараған еді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қыркүйек айының 20-сынан 21-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі бойында таспаға түскен жабайы қабандар фактісі бойынша Ақмола облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары табиғатты қорғау полициясымен бірлесе отырып маңайды тору жұмыстарын жасады. Іздеу барысында жабайы қабандар көші анықталмаған", делінген министрлік хабарламасында.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысы төңірегінде 2500-ге жуық жабайы қабан бар. Олар қала территориясына миграция арқылы өтуі мүмкін.