• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2020

Солтүстіктегі "Қызылжар құс" фабрикасында құс тұмауы тіркелмеді

399 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының Ақсу ауданында құс тұмауына қарсы шараларды атқару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақсу қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ренат Тлявкаевтың айтуынша, құс тұмауына байланысты шығын болған жоқ. Қазіргі таңда "Қызылжар құс" фабрикасында 365 мың тауық қалған. Оның 6 мыңы сойылып, күн сайын саудаға жіберіліп тұрады екен.

"Ауылдық аймақтардың әкімдеріне вакцинация жөнінде хат жіберілді. Мамандар аулаларды аралап шықты. Құс тұмауынан өлген  құс жоқ", дейді Ренат Тлявкаев.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында құс тұмауынан 2 мыңнан астам құс өлді. Індет Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауылдық округінде, Железин ауданының Ақтау ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 3 ауданда 2315 құс өлді. Жұма күні республикалық қордан 465 мыңнан астам құс тұмауына қарсы вакцина жеткізілген. Қазіргі уақытта 34788 вакцина егілді.