АҚШ-тағы сайлаудан кейін туындайтын тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында Facebook әлеуметтік желісінде дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Facebook-тің саясат және коммуникациялар бөлімінің бастығы Ник Клегг Financial Times газетіне берген сұхбатында Президенттік сайлаудан кейін тәртіпсіздік басталса, шұғыл шаралар қабылдайтынын айтып өтті. Сондай-ақ ол компанияның "азаматтық толқуларға" жауап беру және сайлаудан кейін болуы мүмкін "саяси дилеммаларды" азайту үшін бірқатар шектеу шарасын ойластырғанын айтты.
Бұдан бөлек, ол Facebook-ке шабуылдаушылар аталған ақпараттарға қарсы шаралар қолдана алады деп өз жоспарларының егжей-тегжейін ашудан бас тартты.
Еске сала кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтеді.