• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Қыркүйек, 2020

23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

468 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанның солтүстік жартысына Солтүстік-Батыс циклон әсер етуде. Еліміздің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, солтүстік-батыста және қиыр солтүстікте найзағаймен шаңды дауыл сақталады, бұршық жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте тұман күтіледі. Солтүстіқ Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 25 м/с, Батыс Қазақстан облысында тұман күтіледі, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Қызылорда, кей жерлерінде Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. төтенше өрт қаупі сақталады.