• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Қыркүйек, 2020

Қостанай облысының екі ауданына жаңа әкім тағайындалды

1248 рет
көрсетілді

Бұған дейін облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын басқарып келген Жансұлтан Тәукенов Қостанай ауданына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов аудандық мәслихат депутаттарын жаңа әкіммен таныстырды. 

Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген.

Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко енді Қарасу ауданын басқаратын болды. Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М. Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

 

Қостанай облысы