• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино 23 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда корей киносының онлайн апталығы басталды

256 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласындағы корей мәдени орталығы корей фильмдерінің онлайн апталығын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апталық аясында қазақстандықтар корей мәдени орталығының сайтынан корей фильмдерін тегін тамашалай алады. Алғашқы фильм ретінде 23-27 қыркүйек күндері көрермен назарына "ПОЕЗД В ПУСАН" триллері орысша субтитрмен ұсынылады. 2016 жылы жарық көрген екі сағаттық фильмде жұмбақ вирустың өршуінен қашқан тұрғындардың Пусан қаласына сапары баяндалады.

Сонымен бірге 30 қыркүйек пен 4 қазан күндері аталған сайтта "ДЕФОЛТ" драмасы көрсетіледі. Мұнда 1997 жылғы Оңтүстік Корея үкіметінің қалай дағдарысқа ұшырағаны көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар