• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2020

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел соғады

421 рет
көрсетілді

Қазгидромет 24 қыркүйекте Қазақстанның басым аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.k.

24, 26 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. 24-25 қыркүйекте түнде және таңертең кей жерде тұман түседі. Cолтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 25 қыркүйекте желдің күші кей жерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағанды облысында кей жерде түман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 24 қыркүйекте облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 

Ақмола облысында кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерде 23-28 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Шығыста таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, сулы қар) күтіледі. Кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында ертең жауын-шашын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.