• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2020

Донор болу – қайырымды іс

340 рет
көрсетілді

Пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтар қан тапсыру акциясына қатысты.

Қан тапсыру – қайы­рым­дылықтың, мейірім­ді­лік­тің бір көрінісі. Осындай «Донор бол, өмірге үміт сыйла»  атты қайырымды шара­ға Жаңақорған аудандық пробация қызметінің қыз­мет­кер­лері мен есептегі азаматтар өз еркі­мен қатысып, қан тапсырды.

Қызметкерлер аудандық ауруханаға таң сәріден келіп, ке­зек күтіп, тіркеліп, тек­се­­ріс­тен өтті. Дәрігердің рұқ­­с­а­тынан кейін ғана қа­йы­рым­ды­лық шараға қаты­сып, донор бола алды.

– Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үл­кен қайырымды іс, қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, пробация есебіндегі азаматтар да донор ретінде қан тапсырып жатыр, – деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы әділет майоры Анарбек Искаков.

 

Қызылорда облысы