• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Қыркүйек, 2020

Бүгін еліміздің шығыс бөлігінде қар жауады

763 рет
көрсетілді

"Қазгидромет" РМК 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың болжамынша, бүгін еліміздің солтүстік және шығыс облыстарында нөсерлі жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін, дауылды жел тұрады.

Ал, батыс пен оңтүстік өңірлерде күн жауын-шашынсыз өтеді, кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/сек, кей жерлерде 23-28 м/сек ұйытқуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман күтіледі және дауылды жел тұрады. Қарағанды облысының шығыс бөлігінде температура 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Алматы, Қостанай, түнде Ақтөбе, таңертең Жамбыл облыстарында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында да күн жауын-шашынсыз. Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл және Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.