• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2010

ОРАЛ КӨШЕЛЕРІНЕ – БАТЫРЛАР ЕСІМІ

951 рет
көрсетілді

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Орал қаласында ерлік иелеріне бағытталған құрметтің бірі – таяуда қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысы мен қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес Орал қаласында 38 көшенің атауы өзгертіліп, оның 32-сі Ақжайық атырабынан шыққан Кеңес Одағының батырлары мен Даңқ орденінің толық иегерлерінің есімдерін иеленді. Өңірімізден шыққан 40 Кеңес Одағының Батырының 14-іне осыған дейін көше атаулары берілген еді. Бұл жолы да қаладағы бірқатар көше 25 Кеңес Одағы Батырының, алты Даңқ ордені иегерінің және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың, генерал-майор, азамат соғысының және Ұлы Отан соғысының ардагері Шәкір Жексенбаевтың есімдерін алды. Темір ҚҰСАЙЫН, ОРАЛ.