• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2013

Қос Алтайдың көкжиегі қашанда кең

227 рет
көрсетілді

Өткен жұма күні Ресейдің Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин бастаған деле­гация Шығыс Қазақстан облы­сы­ның Глубокое ауданы мен Өскемендегі бірқатар салынып жат­қан әлеуметтік нысандарды аралады, екі жаққа да тиімді ме­мо­рандумға қол қойды. Ең алды­мен, өңір басшысы Бердібек Са­парбаев пен келген қонақтар Алтай өлкесінің Поспелиха-Курья-Тре­тьяково-Қазақстан шекарасын жал­ғастырып жатқан күрежолдың сал­танатты ашылуына қатысты.

170 шақырымдық жол 20 жыл бойы жөндеуден өтпей екі ел арасындағы барыс-келіске кедергі келтірсе, енді жол тақ­тай­дай тегіс. Алтай өлкесі 9 шақы­рымдық жолды жөндеуге ғана 238,5 миллион рубльді бюд­жеттен бөліпті. Облыс әкі­мі салтанатты жиында келген қонақтарға ілтипат білдіріп, жаңа жолдың екі ел арасындағы сауда-саттықты жандандырып қана қоймай, туризмнің дамуына ықпал жасайтынына тоқтала кетті.

Алтай өлкесінің делегация­сы Шемонаиха қаласындағы өнер мектебінде, Глубокое ауда­нындағы Бобровка ауылындағы сиырды роботпен сауатын кешенде, Өскеменде жаңадан пайдалануға берілген, ТМД елде­рінде теңдесі жоқ құс етін тереңдетіп өңдейтін зауыт­та, фермерлерге арналған «Фреш-Маркет» сауда үйінде, жеңіл атлеттер және жекпе-жек сарайы құрылысын аралап көріп, Өскемендегі өркенді өзгеріс­терге жоғары баға берді. Шығыс Қазақстанда өндірілетін азық-түлік бұдан былай Ресейдің Ал­тай өлкесіне еш кедергісіз жө­нел­тілмек. Бұл екі ел арасындағы сау­да-саттық көлемін арттыруға айтарлықтай үлес болып қосылады.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар