Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдо коронавирустық инфекцияның екінші толқыны келгенін айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Елдің төрт провинциясында екінші толқын лаулап тұр", деген ол қайта соққан аурудың алғашқыдан ауырырақ болу қауіпіне мән берді. Сондықтан вирустың өрістемуі канадалықтардың өзіне байланысты, деп маусымдық тұмаудан екпе алып, оған қоса әлеуметтік қашықтық сақтау мен ауыз-мұрынға тұмша тағудың маңыздылығына тоқталды.