SARS-CoV-2 қарсы жаңа вирусқа вакцина жасаудағы тәжірибеге 2 мың ұлыбританиялық ерікті келісімін берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Financial Times басылымы хабарлағандай 2 мың азамат вакцинаны тәжірибеден өткізуге ризашылықтарын білдіріпті. Оның барысында еркітілер ағзасына әдейілеп вирус жіберіліп, олар КВИ-мен ауыратын болады. Тәжірибе 2021 жылдың басында Лондон корольдік колледжі мен hVIVO зерттеу тобының қатысуымен жүргізіледі деп ұйғарылған. Алайда ол Ұлыбритания билігі мен Этика жөніндегі тәуелсіз комитеттің рұқсатын алғанда ғана мүмкін болады.
Бұдан бұрын біріккен корольдік ғалымдарының шведтік компаниямен бірлесе вакцина жасауға кірісіп, бірнеше кезеңнен өткенін, алайда жұмыс барысында бір еріктінің ауырып қалғанына байланысты тоқтатылып, артынан вакцинаның әсері еместігі анықталған соң әрі қарай жалғастыруға рұқсат алынғанын жазған едік.
Жоспар бойынша еріктілерге алдымен белгілі бір доза жіберіліп, бақылауда ұсталады. Артынан бір айдан соң тағы да вакцина егіледі деген шешім бар көрінеді.