Словенияда екінші толқын басталғаны хабарланды. Ел Үкіметі вирустың қарқынды жұғуын ескере осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 қыркүйекте Словенияда 2616 адамнан алынған тесттен жаңадан 136 ауру жұқтыру тіркелді. Ал бұдан бұрын 2335 тесттен 88 ғана вирус анықталған-ды. COVID-19-дың бұлайша жылдам таралуы екінші толқынның әсері деген Үкіметтің баспасөз хатшысы Бояна Беович жаздағыдай емес, адамдардың жабық ғимараттардың ішінде болуы ауру таралуын жылдамдатып тұрғанына тоқталды.
Сонымен жаңадан инфекцияның тіркелуі Люблянада - 21, Мариборда - 9, Словень Градцеда - 8 және Словенияның өзге де қалаларында барлығы, қазір 1383 адамның ауырып жатқаны белгілі болды.