• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2020

Атырауда Жайық жағалауы абаттандырылып жатыр

847 рет
көрсетілді

Жайық өзенінің суы азайды. Ағысы төмендеп, арнасы тарылды. Сол себептен, былтырдан бері өзен жағалауын абаттандыру қолға алынды. Оның барысын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қоғам белсенділерімен, сондай-ақ, жауапты сала мамандарымен бірге бақылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жағалауды абаттандыру Атырау қаласының Еуропа бөлігінде қарқынды жүргізілуде. Абаттандыру ісі Бейбарыс көшесіндегі көпірден Жастар саябағына дейінгі аралықты қамтиды. Әзірге 7,86 гектардағы құрылыс-монтаждау жұмысы жүріп жатқан аумақтың жалпы ұзындығы 1861 метрді құрайды.

Қазір жағалаудың жаңа учаскесінде Атырау қаласының көркемдік символдары, "Шаңырақ" архитектуралық үлгіде жасалған аумақ, балаларға арналған және денешынықтыру, жүгіру, демалыс алаңдары, орындықтар мен күнқағарлар  орнатылды.

Жағалауды абаттандырумен танысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыстың сапалы болуын ескертіп, кейбір олқылықтарды түзеуді тапсырды. Өйткені атыраулықтар мен қонақтардың серуендеуі үішн қолайсыздық болмауы тиіс.

Ал жағалауға арбасымен келген қоғам белсендісі Гүлнәз Қосмұрзиева жүгіруге, велосипетпен жүруге, жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың көңілінен шыққанын айтады. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларын арбамен серуендететін аналарға да қолайлы болу үшін бірнеше ұсынысын мердігер компанияға жеткізді.

Жайық жағалауын абаттандыру жұмысы НКОК компаниясының қаржыландыруымен жүргізіліп жатыр.