• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қараша, 2013

Барак Обама бір жыныстыларға «батасын берді»

206 рет
көрсетілді

Католиктік және протестанттық шіркеулер және афроамерикалық заңгерлер үзілді-кесілді қарсы болғанымен, АҚШ-тың Иллинойс штатында бір жыныстылардың некеге тұруына заңдық негізде рұқсат берілді. Бұл туралы Baltinfo ақпараттық агенттігі хабарлады.

Иллинойс штаты Бас ассамблеясының төменгі палатасында гейлерге және лесбияндарға бір-бірімен некеге отыруға рұқсат беруді көздейтін заң жобасы дауысқа түсіп, нәтижесінде аталған құжаттың «жолы болды».

Бұл заңды палата өкілдерінің 61-і қолдаған, ал 54-і қарсы дауыс берген.

Енді бұл құжат Иллинойс штатының губернаторы Патрик Куиннға қол қою үшін жіберіледі.

Саяси мансабын осы өңірден бастаған АҚШ президенті Барак Обама Иллинойс штаты Бас ассамблеясының мінберінде бір жыныстыларға «батасын берді». Ол өз сөзінде: «Мен президент ретінде гейлер мен лесбияндардың осындай әділдік пен теңдікке қол жеткізулері тиіс деп есептеймін. Әрқашан осылай ойлап келдім. Бір жыныстылар да өзара үйлену құқығына ие болулары керек. Бір жыныстылардың некеге отыруы енді заңдық тұрғыда қорғалатынына әйелім Мишель екеуміз қуанамыз», – деді.

Осылайша АҚШ гейлер мен лесбияндардың «көңілін аулаған» елдердің қатарына қосылды. Бүгінге дейін бір жыныстылардың некелесуіне 14 ел заң жүзінде рұқсат берген болатын.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар