Украина ҚК Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлап, 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.
"25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген. Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 21 курсанты, барлығы 28 адам болған", деп жазылған ақпаратта.
2 адам ауыр халде жатыр. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді. Ал Украина президенті Владимир Зеленский қайғылы оқиға болған жерге баратынын және жағдайдың мән-жайы анықталу үшін шұғыл түрде комиссия құрылатынын хабарлады.