Украина Президенті Владимир Зеленский кеше Харьков облысында апатқа ұшыраған әуе апатына байланысты осындай шешім шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президенттің өзі апат орын алған Харьков облысына барды.
"Кеше өте қайғылы жағдай орын алып, 25 азаматымыз оқиға орнында, біреуі денесінің көп бөлігін күйік шалу салдарынан қаза тапты. Біз еліміздің жас курсанттары мен тәжірибелі әскерилерінен көз жазып қалдық. Оларды алда ұзақ өмір мен көптеген жеңіс күтіп тұр еді. Мұның қаншалықты ауыр әрі орны толмайтын қаза екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қаза болғандардың артында қалған туыстары мен жақындарын жұбатарға сөз табу қиын", деп жазды Зеленский өзінің Тelegram-каналында.
Ол қаза болған азаматтардың артында қалған жақындарына өтемақы тағайындау қажеттігін атап өтті.
"Украина өзінің ер жүрек ұлдарын ешқашан ұмытпайды. Әуе апатының себебін жедел анықтауды талап етемін. Және зерттеу жұмыстарын объективті атқарылуы керек", деді ол.
Украиналық БАҚ премьер-министр Денис Шмыгаль ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты министрлер кабинетінің шұғыл отырысын дайындап жатқанын хабарлады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті жеделхат жолдап, көңіл айтты.
Айта кетейік, ұшақта Иван Кожедуб атындағы Харьков Ұлттық әуе күштері университетінің әскери ұшқыштары мен курсанттары болған. Жалпы ұшақ бортында 27 адам болған көрінеді: 20 курсант және экипаждың 7 мүшесі. Өкінішке қарай, оның 25 қаза болған.