"Астана" гандбол клубы екінші жыл қатарынан көшбасшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
"Астана" гандбол клубының әйелдер командасы елдегі көшбасшылығын сақтап қалды. Гандболдан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, биыл пандемияға байланысты ел чемпионаты бұрын жиналған ұпайлар бойынша аяқталды. 28-ші чемпионаттың он ойынындағы алты команданың нәтижелері есепке алынды.
"Астана" гандбол клубы 20 ұпаймен чемпион атанып, 15 ұпай жинаған Қызылорданың "Қайсар-Қам-ҚМУ" және 13 ұпай жинаған Шымкенттің "Қазығұрт" командаларынан озып шықты.
Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысты: "Астана"(Нұр-Сұлтан)," Қайсар-Кам-КГУ" (Қызылорда), "Қазығұрт" (Шымкент), "Достық" (Алматы), "Алтай" (Шығыс Қазақстан облысы), "Тұран" (Түркістан облысы).