• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 28 Қыркүйек, 2020

Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді

90 рет
көрсетілді

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысы барысында депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобалары комитеттер арасында бөлініп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бюро отырысында Сенаттың 1 қазанда өтетін алдағы отырысының күн тәртібі белгіленді. Отырыста депутаттар "2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарайтын болды.

Одан басқа, сенаторлар "2007 жылғы 27 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қарауға шығарды.

Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары да бөлініп берілді. Қаржы және бюджет комитеті "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді.