Волонтерлер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарындағы 10 археологиялық жобаға қатысты. Солардың бірі – бүкіл Қазақстаннан еріктілерді тартатын "Birgemiz: Asyl mura" жобасы, деп хабарлайды Egemen.kz Ақпарат және даму министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба аясында Тараз, Қарағанды, Түркістан қалаларында 3 қолдау орталығы құрылды. Жобамен 1000 қазақстандық волонтер қамтылды. Олар жоба қорытындысы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілерінде жұмыс істеу үшін арнайы дағдыларға ие болады. Арнайы іріктелген 17 үйлестіруші халықаралық сарапшылардан бейінді дайындықтан өтуде.
Волонтерлер Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстарындағы 10 археологиялық жобаға қатысты.
Жоба қатысушылары арнайы практикалық сапарлар ұйымдастырды. Мәселен, Отырар қаласында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Түркістанда еріктілер Дарбаза қақпасының қабырғаларын төсеуге қатысты. Ақмола облысында "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешенін және "Жасыл мешіт" қабырғасын қалпына келтіруге көмектесті.
Сондай-ақ тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша жергілікті волонтерлік бастамалар үшін 68 шағын грант (300 мың теңге) қарастырылып ойнатылды.
Барлық қажетті ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады https://qazvolunteer.kz/ru/birgemiz/birgemiz-asyl-mura
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларды іске асыруға азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған "Birgemiz: Asyl mura" жалпы ұлттық жобасын іске асырып жатыр.