Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиялық жағдайға байланысты соңғы деректермен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 300 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 906 науқас жатыр. 1 394 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 92 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.